Нұрболат Абдуллиннің жары әншінің туған күніне ерекше сыйлық жасады
Танымал әнші Нұрболат Абдуллин күні кеше жұбайы мен қызын перзентханадан шығарып алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
©instagram.com/nurbullin
Өнер иесі өзінің Instagram-дағы парақшасында қызымен түскен суретін жариялап: “Өмірдің бір қызығы…Қош келдің 30+, шүкір” деп жазба қалдырды.
Айта кетейік, 3 сәуір күні әнші 37 жасқа толған туған күнін тойлады. Нұрболат Абдуллиннің менеджері Жасұлан Шәденов оны туған күнімен құттықтап, әншінің жұбайы мен қызын перзентханадан шығарып алған сәтін бейнежазбаға түсіріп алған.
Тірліктегі басшым,тіршіліктегі туғанымның туған күнімен құттықтаймын. Бетімнен қақпай арқамнан қағып, сенімін маған серік қып, тірлікте серіктес еткен сіздің арқаңызда шоу-бизнеске сәтті қадам басып, тіршіліктің тәтті күндерін кешіп жүрмін! Құлақтан кіріп, бойдан тұрақ тауып жүрген әндерініздің қатары көбейе берсін.Тәттінің ішін жеп, сыртын сізге беріп жүрген құлыншақтарыңыздың қызығын көре беріңіз”, – деп ақжарма тілегін арнады ол.