Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрбек Оралбай Қазақстан чемпионатына қатыспайды

Нұрбек ОралбайФото: Olympic.kz

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Қазақстан чемпионатына қатыспайды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Sportarena.kz сайтына сілтеме жасап, хабарлайды.

14-21 қазан аралығында Семей қаласында бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді. 

Байрақты бәсекеге еліміздің 20 өңірінен 371 спортшы қатысады. Оның 246 ер және 125 әйел былғары қолғап шеберлері. 

Сондай-ақ бұл жарысқа ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжановтың айтуынша Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатыспайды.

Бұдан өзге Әлем чемпионатында жүлдеден тыс қалған Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайдың да  жарақытына байланысты ел біріншілігіне қатыспайтыны белгілі болды. 

Ал бұл жайт 80 келіде ел ішіндегі мықтылар үшін өздерін дәлелдеуге берілген үлкен мүмкіндік болмақ. Себебі бұл салмақта құрамада нақты фаворит жоқ.

Айта кетейік,  Нұрбек Оралбай 2024 жылы Париж Олимпиадасында финалға шығып, ақтық сында украиналық боксшыға есе жіберді. Нәтижесінде күміс жүлдеге ие болды. 2018 жастар, 2023 ересектер арасында әлем чемпионы атанып, алтыннан алқа тақты.  Ал 2022 жылы Азия чемпионатында үздік үштікті түйіндеп, қола жүлде еншілеген.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 14 Қазан, 2025 18:58
Талқылау