Нұрбек Оралбай қазақ боксшыларының жеңісті жолын жалғастырды
Бокстан әлем чемпионы Нұрбек Оралбай Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирдің алғашқы айналымынан сүрінбей өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: AIBA
Нұрбек Оралбай Италияның Бусто-арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. 80 келіде жұдырықтасатын былғары қолғап шебері Гайти елінің спортшысы Кедрик Белони-Дюльепрені еш қиындықсыз жеңіп, келесі айналымға шықты. Ол келесі кездесуін 8 наурыз күні өткізеді. Қарсыласы әзірге белгілі болған жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан және Римма Волосенко да алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жеткенін жазған едік.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”