Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды: Елордадағы нысандардың жұмысы қалай өзгерді?

Нұр-Сұлтан қаласында бас санитар дәрігердің шектеу және карантиндік шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елордалық санитарлық дәрігердің қоғамдық тамақтану орындарында карантин шараларын қатаңдату туралы қаулысына сәйкес, бірқатар кәсіпкерлік нысаны қысқартылған жұмыс режиміне көшті.

Сенбі және жексенбі күндері елорданың қоғамдық тамақтану орындары келушілерді қабылдамайды. Ал тапсырысты жеткізу және өзімен бірге алып кету штаттық режимде жүзеге асырылады.

Мейрамханалар, кафелер, кофеханалар орналасқан жеріне қарамастан, соның ішінде ашық ауада дүйсенбі-жұма күндері таңғы сағат 7-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Бұл ретте "Ashyq" жобасы аясында жұмыс істейтін мекемелерге дүйсенбі-жұма күндері сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс кестесі белгіленді, ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Сенбі және жексенбі күндері елордалық СОО және т.б. жұмысына тыйым салынған. Елордада сұлулық салондары, шаштараздар, "барбер шоп" дүйсенбі-жұма күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Олардың сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Бұл жағдайда келушілерді қабылдау қатаң түрде алдын-ала жазылу арқылы жүргізілуі тиіс.

"Ashyq" жобасына қатысатын фитнес-орталықтарына, спорт нысандарына, бассейндерге, сауналарға, СПА-орталықтарына сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынған, ал дүйсенбі-жұма күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істей алады.

"Ashyq" жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін караоке жұмысын ұйымдастыру барысында күшейтілген санитариялық-профилактикалық іс-шаралар сақталуы тиіс.

Караоке дүйсенбі-жұма күндері сағат 12.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Қаулы ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес қабылданды.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда карантин шаралары қатаңдатылғаны айтылған еді. 

Талқылау