Нұр-Сұлтаннан ұшқан ұшақ қысым әсерінен әуежайға қайта оралған
"Эйр Астана" әуе компаниясының А 321 ұшағы Нұр-Сұлтан-Алматы бағыты бойынша ұшып бара жатқан әуежайына оралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әуе компаниясының мәліметінше бортта герметика жоғалған.
"Ұшақ таңғы сағат 08:32-де Нұр-Сұлтан әуежайына аман-есен қонды. Оның бортында 158 жолаушы мен экипаж мүшесі болған", - делінген хабарламада.
Мәселені индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің әуе оқиғалары және оқыс оқиғаларды тергеу департаменті тексеретін болады.
Талқылау