Нұр-Сұлтан–Лондон бағытындағы әуе рейстері қалпына келтірілді
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан Хитроу халықаралық әуежайына тікелей рейстері 2021 жылдың 18 қыркүйегінен бастап қалпына келтіріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ұшақ аптасына 2 рет, сәрсенбі мен сенбі күндері қатынайды.
Рейстер A321LR ұзақ магистралды әуе лайнерімен орындалады. Лондонға дейін ұшу ұзақтығы 7 сағат 15 минут және қайтарда 6 сағат 30 минут.
Негізгі эконом-класс тарифі барлық салықтарды қосқанда екі бағыт бойынша 284 535 теңгеден басталады. Билеттерді airastana.com веб-сайтында және меншікті сату кеңселерінде, Ақпарат және брондау орталығында, сондай-ақ әуекомпания мен IATA аккредиттеген агенттіктерде брондауға болады.
Ұлыбританияға баратын жолаушыларда вакцинациялау мәртебесі мен азаматтығына қарамастан, коронавирустық инфекциясы жоқ туралы анықтамасы болуы қажет. ПТР тесті ұшудан 3 күн бұрын жүргізілуі тиіс және Ұлыбритания талаптарына қатаң сәйкес болуы керек.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”