Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанға ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтанға келген әуе жолаушысынан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПТР сынағынан өткені туралы сертификаты жоқ әуе жолаушыларын карантин стационарына жедел жеткізу шараларының көмегімен елорданың медицина қызметкерлері тұрғындар арасында инфекцияның таралуын болдырмай, науқасқа уақтылы көмек көрсетті.

30 жастағы ер адам Мәскеуден ПТР сынағының сертификатынсыз келген. Ол әуежайдан бірден карантин стационарына жеткізіліп, қажетті зертханалық тексерулерден өтті.

Аурухана басшылығының айтуынша, науқастың нәтижелері анализ алған соң 4 сағаттан кейін дайын болған. Жолаушыдан аурудың симптомсыз түрі анықталып, үй жағдайындағы карантинге жабылды. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Ер адамды тұрғылықты жеріндегі емханалардың медициналық мамандары бақылайды.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 12 Қазан, 2020 11:02
Талқылау