Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтандағы "қара кортеж": Қатысушылардың бірі кешірім сұрады (видео)

Нұр-Сұлтандағы "қара кортеж" қатысушыларының бірі астаналықтардан жасаған әрекеті үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жазалануға дайын екенін айтты

27 жастағы KIA жүргізушісі бейне хабарламада өзінің жасаған ісіне өкініп, жазалануға дайын екенін айтты.

Видео бір күн бұрын Instagram-да пайда болды. Көліктердің бірі Тұран даңғылындағы өткелді жауып тастады. Бұл уақытта «Хан Шатыр» сауда орталығына қарама-қарсы тұрақтан қара түсті оннан астам көлік жүріп жүріп өтті. Сонымен қатар сиренаның дыбыстары естілді.

«КИА» автокөлігінің жүргізушісі 1992 жылы туған Мубараков Ташбулатхон Марифханұлы жол ережесін бұзғаны үшін және «Сергек» камераларында тіркелген заңбұзушылықтар үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлады полиция.

15 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Полиция кортежге қатысушылардың барлығының көлікгі коммуналдық тұраққа орнатылғанын атап өтті.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 06 Қаңтар, 2020 09:46
Талқылау