Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жаңа көше ашылды

Нұр-Сұлтанда Қорғалжын тас жолы мен Қайым Мұхамедханов көшесін жалғайтын жаңа көше ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Елордада Қорғалжын тас жолынан Қайым Мұхамедханов көшесіне дейінгі Е355 көшесінің құрылысы аяқталды. Осы учаскедегі жолдың ашылуы "Кристалл", "Нұрлы Ұя", "Ерке", "Аркада", "Сенім", Copengangen және басқа да тұрғын үй кешендерінің тұрғындарына көлік қызметін көрсетуді жақсартуға, қолданыстағы көше-жол желісін жеңілдетуге және жалпы Нұр-Сұлтан қаласының жол желісінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Әзірге көшенң атауы белгілі болған жоқ. 

Еске салайық, Нұр-Сұлтандағы бірнеше көшенің атауы өзгертіледі. Қаулы жобасы қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында жарияланған еді.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр