Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Елорданың Терроризмге қарсы шұғыл штабы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ұрыс жағдайына барынша ұқсата отырып, лаңкестік актілерге қарсы оқу-жаттығу өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқу-жаттығу 29 сәуір күні сағат 08.00-14.00 аралығында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның Техникалық жолаушылар паркінің аумағында (Шу көшесінің аяқталған тұсы, Әл-Фараби – Қошқарбаев көшелерінің қиылысы) өтеді.

“Іс-шара мақсаты шұғыл штабтың күштері мен құралдарының террористік әрекеттерге дереу жауап қайтару бойынша дайындығын тексеру. Оқу-жаттығу түрлі күрделі элементтерді қамти отырып, ұрыс жағдайына барынша жақындатылған.

Техникалық жолаушылар паркінің маңайында шектеу шаралары қарастырылған. Осыған байланысты азаматтардан өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және жұмылдырылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз", – деді терроризмге қарсы шұғыл штаб өкілдері.

Дидар Халық
Жұма, 29 Сәуір, 2022 07:13
Талқылау