Нұр-Сұлтанда студент қызды зорламақ болған 42 жастағы ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтанда колледж студентін зорламақ болған күдікті ұсталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

5 қыркүйек күні полиция бөлімшесіне белгісіз ер адам 17 жасар қызды зорламақ болғаны туралы хабарлама түскен.
Студент қыз сағат 09.45-те інісін мектептен алуға барған. Мектептің жанында оған қарай алкогольдік ішімдік ішкен ер адам келген. Ол қыздың бетінен ұрып, ағаштар жаққа қарай сүйрей бастаған. Жан-жағындағылардан айғайлап көмек сұрап үлгерген студент, әлгі адамнан қашып құтылыпты.
«Келіп түскен хабарлама бойынша полиция қызметкерлері жедел оқиға орнына жетті. Іздестіру кезінде 42 жастағы елорда тұрғыны ұсталды. Жәбірленуші де сол адам екенін айтып берді. Қазіргі уақытта сотқа дейін тексеру жұмыстары жүргізілуде», – дейді Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен