Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда симптомсыз коронавирус тасымалдаушыларын интернет арқылы тексеретін болды

Енді Нұр-Сұлтанда коронавирустың сиптомсыз тасымалдаушыларын интернет арқылы тексеретін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұр Сұлтанның медициналық қызметкерлері денсаулықты бақылап, коронавирустың асимптоматикалық тасымалдаушыларының барлық мәселелері бойынша интернет арқылы кеңес береді. Бұрын асимптоматикалық тасымалдаушылар үй карантинінде болуы керек екендігі туралы хабарланған болатын.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов барлық қалалық және жеке клиникалардың бас дәрігерлерімен, ауруханалардың, талдау орталықтарының басшыларымен және қаланың бас дәрігерімен онлайн-кездесу өткізді.

"Қазір көптеген өтініштер бар, соның ішінде iKomek орталығы арқылы біздің азаматтардан, ауру белгілері бар үйде карантинге жатқызылған адамдардан ұсыныс келіп жатыр. Біз әр пациентпен жұмыс жасауымыз керек. Бірзде көптеген мәселелер бар. Шағымдардың көпшілігі 6, 10 емханаға және «Шипагер» отбасылық денсаулық орталығына келіп түсуде. Дәрігерлер коронавирустың асимптоматикалық тасымалдаушыларымен кездесу үшін Online Zoom-ды пайдалану керек: сұрақтарға жауап беріп, олардың денсаулығын бақылап, пациенттердің өзін-өзі оқшаулауды ұстануын қамтамасыз етуі керек. Науқастармен кері байланыс жасау үшін басқа байланыс арналарын да пайдалануға болады. Симптомдар пайда болған жағдайда ауруханаға жатқызу қажет. Вирус ешқайда кеткен жоқ, қатаң санитарлық ережелерді сақтау керек. Жаңа толқынға дайын болу керек", - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Елорданың медициналық мекемелері қажетті дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген, барлық ауруханаларда жеке қорғаныс құралдары, дезинфекциялық туннельдер, дәрігерлік амбулаторияларда ғимаратқа кіретін адамдардың температурасын байланыссыз өлшеуге мүмкіндік беретін жылу бейнекамералары орнатылған. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің өкімімен емханалар мен ауруханалар аумағындағы дезинфекциялық туннельдер мен жылу түсіргіштердің саны артады.

STAN.KZ
Сенбі, 13 Маусым, 2020 16:36
Талқылау