Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда сал ауруына шалдыққан балалар орталығына әкелінген тамақ жұртты шошытты (видео)

Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтандағы церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды оңалту орталығында түсірілген видео жұртты шулатты. Видео авторы науқастарға тамақтың сырттан қалай жеткізілетінін әшкереледі, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

тамақ

Сурет: Видеодан скриншот

Ер адам Нұр-Сұлтан қаласындағы орталыққа тамақтың қандай жағдайда жеткізілетінін әшкереледі. Алайда орталық директоры бұл тағамдардың науқас балаларға берілмейтінін, тек қызметкерлерге арналғанын айтты. 

«Тамақты алып кетіп бара жатыр. Nexia 45201 МКА көлігі. Осымен біздің оңалту орталығына тамақ алып келеді. Санитарлық талаптарға сай келмейді. Сіздер неге тамақты бұлай тасып жатырсыздар? Қазір мен бұл жерге ГАИ шақырамын. Сіздер неліктен тамақты мұндай көлікпен тасисыздар? Мына жерде балалар ауырып жатыр. Сіз білесіз бе, аға? Мына жерге прокуратура шақырамын. Сіздердің құқықтарыңыз жоқ. Өзіңіз де бала тәрбиелеп отырған шығарсыз?» - деп видео авторы ұрыса жөнеледі. 

Өз кезегінде тамақты көлік жүргізушісінен алған медбике қыз тиісті адамдарды шақырып келуге кететінін айтады. Ал жүргізуші үнсіз тұрады. 
Осы жағдайға байланысты аталған орталықтың директоры Шолпан Бүлекбаева пікір білдірді. Ол балалар мен олардың ата-анасының асханада тамақтанатынын айтты. Яғни бұл тағамдар оларға арналмаған. 

«Асханаға тамақты тамақтану блогынан арнайы лифтімен тасиды. Ол өз кезегінде тиісті жабдықтармен жабдықталған. Балалар күніне 6 уақыт тамақтанады. Асханаға ата-аналарымен бірге барады. Олар үшін де ас тамақтану блогында әзірленеді. Ал видеоматериалдағы тағамдар кәсіподақтың өтінішімен ашылған кофеханаға жеткізіледі. Кофехана жалға берілген. Тамақ жақсылап қапталған, алайда оны арнайы көлік алып келмеді», - деді орталық директоры. 

Сондай-ақ, ол видео авторының дәл қазір ол орталықта емделіп жатпағанын айты. Аталған ауруханада 2018 жылдың наурыз бен желтоқсан айларының арасында жатқан. 

«Осы фактіні жария еткені үшін ризамын. Бүгін ұйғарым жазылып, кофехана бұл олқылықты түзеткенше жұмысы тоқталды. Бұл компанияның арнайы көлігі әзірге жөндеуде», - деді сөз соңында Шолпан Бүлекбаева. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін жас жұбайлардың тойына келгендерді қонақтарды қалай тамақ қалдықтарымен тамақтандырғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау