Нұр-Сұлтанда полицейлер қарумен балаларды қорқытқан ер адамды ұстады
Елордалық полицейлер балаларды қорқытқан 51 жастағы ер адамды ұстады.
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 12 маусым күні болды.
Аулада жүрген екі бала полицейлерге таяу келіп, белгісіз ер адамның оларды қарумен қорқытқанын айтты. Олардың соңынан ерген полицейлер ер адамды аңдып тұрып ұстады.
Полиция аға сержанты Руслан Шмидт жауынгерлік әрекет жасай отыра, орайын келген тұста ер адамды ұстады. Ол үшін арнайы құралдарды пайдаланды. Оған полиция аға лейтенанты Жандос Өзбек көмекке келді.
Талқылау