Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда өзеннен баланың мәйіті табылды

Нұр-Сұлтандағы Ақбұлақ өзенінен баланың өлі денесі табылды. Болжам бойынша, ол суға абайсызда құлап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

су

Сараптамадан кейін ғана болған жағдайдың себебі анықталады.

«Баланың құлап кеткендігі туралы хабарлама 27 тамызда сағат 18:05 уақытында 112 пультіне келіп түскен. Оқиға орнына қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару тобы жеткізілді. Оқиға орнына бір техника және құтқару тобынан төрт адам барды», – дейді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз-қызметі Аягөз Фазылова.

Құтқару тобы судан 8-9 жас шамасындағы түр-келбеті азиаттық баланың денесін шығарған. 

Талқылау