AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда оқушы қызға қол жүгірткен студент ұсталды

Нұр-Сұлтанда оқушы қызға қол жүгірткен студент құрықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қыздың әкесі полицияға арыз түсірген. Оның айтуынша, белгісіз біреу кешкі уақытта үйдің кіреберісінде 16 жастағы қызына тиіскен. Ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында 20 жастағы студент ұсталды. Ол қызды 18 сәуір күні аялдамада кездестірген. Автобусқа бірге мініп, соңынан ерген. Ал үйдің кіреберісінде танысуға тырысқан. Бірақ қыз қарсы болған. Сол кезде жас жігіт заңсыз әрекет жасаған", - дейді қалалық полиция департаменті. 

Студент қыздың ұятты жерінен ұстаған. Ал полиция жариялаған видеода қызды зорлайтын ойым болмады деп ақталды.

Қазіргі кезде оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 434-бабы бойынша хаттама рәсімделді. Сондай-ақ медициналық мекемеге құқық бұзушының денсаулығы туралы сұрау жіберілді.

Айта кетcек, 434-бапта 5 айлық есептiк көрсеткiш (15 315 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу немесе 10 тәулiкке қамауға алу жазасы қарастырылған.

Оқиғаның жай-жапсары туралы "Не молчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады. Оның айтуынша, оқушы құрбысынан үйіне қайтып келе жатқанда оның артынан белгісіз ер адам танысу туралы ұсыныс айтып, қалмай қойған. Ол подъезге жеткенде мектеп оқушысының денесіне қол жүгіртіп, ашық тиісе бастаған. Қыз бала одан сытылып кетуге тырысып, бірнеше рет қолын қағады.

"Қыз оның көзілдірігін сындыратынын айтып, өзіне тиіспеуін өтінген. Сол кезде ол көзілдірігін шешкен. Оқушы қыз сол сәтті пайдаланып, ер адамның көзін шұқып, оның қолынан сытылып шыққан. Ер адамның ашуынан сескеніп, айғайлауға қорыққан.

Қазір Нұр-Сұлтан полиция департаменті осы оқиға бойынша "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша іс қозғап жатыр. Бұл жерде зорлық жасауға талпыну әрекеті болғаны көзге көрініп тұр. Жасөспірім оған қарсылық көрсеткен, яғни бұл қыздың еркінен тыс болған жағдай. Жасөспірім қатты қорқып қалған, оған психологтың көмегі қажет", - деп жазды Дина Таңсәрі.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр