Нұр-Сұлтанда оқушы қызды үйіне дейін аңдыған жігіт ұсталды (видео)
Нұр-Сұлтан полициясы қызды көшеден пәтерге дейін аңдып, ата-анасына күдік туғызған 24 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.
29 қазанда көзілдірік киген, аузын орамалмен жауып тұрған ер адам оқушының соңынан үйіне дейін еріп, онымен бірге лифт күтіп тұрды. Қыз баспалдақпен жаяу көтерілуге бел буғанда, ер адам оның соңынан ерді.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі 30 қазанда қыздың ата-анасы арыз бергенін айтты.
«24 жастағы қала тұрғыны полиция қызметкерлерімен анықталып, Алматы ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта осы фактінің мән-жайын анықтауға бағытталған кәмелетке толмаған және оның заңды өкілдерімен қажетті тексеру шаралары жүргізілуде», - деп түсіндірді департамент.
Тағы оқыңыз: Шымкентте баланы педофилден құтқарып қалған әйел марапатталды >>>
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”