Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда кран құлап қалды

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешенінің құрылысы кезінде кран құлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап.

кран

Оқыс оқиға 3 тамызда болған. Желіде оқиға болған жерде түсірілген кадрлар тарап кетті. Салмағы бірнеше тонна кран салынып жатқан нысандардың біріне зақым келтірген.

Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар қызметі зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады. 

"3 тамызда сағат 09.24-те Түркістан көшесінде жаңадан салынып жатқан "Sensata Park" ТК нысанында жүк көтеріліп жатқан кезде "BI GROUP" ЖШС-ның жаңадан салынып жатқан нысанына 8-10 метр деңгейінде кран құлады. Құрылысты салушы - "Sensata Construction" ЖШС. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Оқиға болған жерде ТЖ департаментінің, полиция департаментінің, Нұр-Сұлтан қаласының жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жұмыс істеді", - деді елордалық ТЖД басшысының міндетін уақытша атқарушы полковник Марғұлан Аманбаев.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов тиісті органдарға құрылыс алаңдарында қауіпсіздік ережелерін қатаңдатуды тапсырды.

Талқылау