Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар саны өсуде

Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов тұрғындардың санитария нормаларын сақтамауы салдарынан қалада коронавирус жұқтырғандардың саны артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Бүгінде коронавируспен ауыратын 87 науқас қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Олардың арасында ұзақ уақыт қарқынды терапия бөлімінде ешқандай оң динамикасыз ем алып жатқандар бар.

"Азаматтардың әдеттегі алдын алу шараларын сақтамауы қалада коронавирус жұқтырудың көбейе бастағанына әкелді. Адамдар әлеуметтік қашықтық сақтауды, маска тағу мен жеке гигиенаны ұмыта бастады. Әрине, жаз мезгіліндегі аурушаңдықтың шыңымен салыстырғанда, жағдай қорқынышты емес. Жұқпалы аурулар ауруханасында КВИ бар науқастарға арналған 200 төсек-орын орналастырылған. Бірақ біз мұндай науқастардың көбеюіне жол бергіміз келмейді. Сондықтан санитария нормаларын ұмытпау керек. Қала тұрғындарының санитария нормаларын сақтамауы жаппай індет жұқтыруға әкеледі, сондықтан медициналық персонал мен медицина мекемелеріне жүктеме айтарлықтай артуы мүмкін. Бұған жол бермеу керек", - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Муратов.

Нұр-Сұлтанда ПТР сынағынан өткені туралы куәлігі жоқ әуе жолаушыларын Ramada Plaza қонақ үйіндегі карантин стационары қабылдайды. Қалалық жұқпалы аурулар орталығы 200 төсек-орынға дейін кеңейтілді.

"5 мыңнан астам стационар төсек-орнын орналастыра аламыз. Алайда, бұл жұмыс жүйесінде оң нәтиже бермейді. Керісінше, халық арасында инфекция таралуын болдырмау қажет. Бұл біздің басты міндетіміз", - деп қорытындылады Тимур Муратов.

Еске салайық, 12 қазанда Нұр-Сұлтанға келген әуе жолаушысынан коронавирус анықталды. Жолаушы әуежайдан бірден карантин стационарына жеткізіліп, қажетті зертханалық тексерулерден өтті. Науқастың нәтижелері анализ алынғаннан соң 4 сағаттан кейін дайын болды. Жолаушыдан індеттің симптомсыз түрі анықталып, үй карантиніне оқшауланды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 13 Қазан, 2020 18:41
Талқылау