Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктердің демалыс күндері жүруіне рұқсат етілді
Нұр-Сұлтанда енді жексенбі күндері де қоғамдық көлік жүретін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін сенбі күндері автобустардың жұмысына рұқсат етілген болатын. Ал жексенбі жұмыс істемейтін. Осылайша, қоғамдық көлік енді аптаның барлық күні сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін штаттық режимде жүретін болады.
"Айта кетейік, дезинфекция жұмыстары тұрақты жалғасуда, автобустар күн сайын өңделіп тұрады. Қоғамдық көліктерде маска режимін сақтау керектігін еске саламыз. Автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол жүру төлемі тек қолма-қол ақшасыз: көлік картасымен немесе QR-кодты сканерлеумен жүзеге асырылады”, – делінген хабарламада.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”