Нұр-Сұлтанда қыз баланың комаға түсуі: Тіс емханасында заңбұзушылыққа жол берілгені анықталды
Нұр-Сұлтанда екі жастағы қыз баланы комаға түсірген тіс емханасының талапқа сай келмейтін жақтары анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Елордадағы бүлдіршінді ессіз күйге түсірген тіс емханасындағы тексеру жұмыстары аяқталыпты. Тексерістің нә тижесінде жекеменшік емхананың сертификат жарамдылығы өтіп кеткендігі анықталған. Бұған қоса мамандар емхананың заңға қайшы жайттары өте көп екендігін жеткізді.
"Тіс емханасының дәрігері мен иесін клиникалық ісәрекеттерге рұқсат беретін сертификаттың мерзімі өтіп кетуіне байланысты жауапкершілікке тартамыз. Қалған құжаттар құқық қорғау органдарына жіберілді", - деп мәлімдеді медициналық қызметтер көрсетуді бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы Лаура Ахметниязова.
Соымен қатар тіс емханасындағы дәрілік заттарды сақтау шарттары бұзылған көрінеді. Айтып отырғанымыз, медициналық орталықта арнайы температураны, ылғалдылықты сақтайтын жабдық жоқтың қасы. Тексеріспен айналысқан комиссия емхананың жұмысын тоқтатуды талап ететін құжаттарды сотқа жіберілмек. Оның үстіне 2018 және 2019 жылдары да дәл осы емдеу мекемесі анестезиолог-реанимотологтың жұмыс стандарттары сақталмағаны екі рет анықталыпты.
Естеріңізге салсақ, 26-шы желтоқсанда екі жастан асқан қыз бала елордадағы жеке тіс дәрігерінің қабылдауынан кейін комаға түсіп қалғаны айтылған еді. Балақай әлі есін жимаған. Нұр-Сұлтандағы аталған стоматология өз жұмысын жалғастыруда екен.