Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда қыз бала әкесінің көз алдында суға батып кетті

Елордада 13 жастағы қыз әкесінің көзінше суға батып кетті. Ер адам оны өз бетінше судан шығарып алмақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Сүңгуірлер қыздың денесін тауып, судың түбінен көтеруге екі сағатқа жуық уақыт жұмсаған. Есіл өзенінің бұл аймағына шомылуға тыйым салынған. Жердің батпақты болуы іздеу жұмыстарын қиындатқан көрінеді. 

Қазір оқиғаның мән-жайын құтқарушылар мен полиция анықтап жатыр.

Белгілі болғандай, қыздың отбасы осы ауданға жақын жерде тұрады. Сол күні үш баласы бар әке өзенге серуендеуге шыққан. Суға батып кеткен отбасының үлкен қызы болған.

“Қарттар үйінің артында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар бұл жерді айналып өтіп, басқа жақтан жүрген. Ол жерлерде арнайы белгілер болған. Бірақ олар мән бермеген көрінеді”, –дейді Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Аягөз Фазылова.


Дана Русланқызы
Жұма, 20 Тамыз, 2021 09:29
Талқылау