Күзетшілер мән бермеген: Нұр-Сұлтан тұрғыны "Қазпошта" қоймасынан сәлемдеме ұрлаған
Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері "Қазпошта" қоймасынан сәлемдеме ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елорданың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің Сарыарқа аудандық полиция басқармасына "Қазпошта" АҚ қоймасынан сәлемдеме ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қылмыс жасаған күдікті анықталып, ұсталды. Ол бұрын сотталған 27 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Ол қойма аумағына бірнеше рет кіргенін түсіндірді, бірақ күзетшілер оған назар аудармаған екен. Ұрлық жасамақ болған ол қойма бөлмесіне кедергісіз кіріп, үш пакетті алып шыққан.
Ол екі тауарды тығып, үшінші "Toyota Camry" автомашинасының қосалқы бөлшектері салынған қорапты бейтаныс адамға сатқан.
Табылған сәлемдемелер "Қазпоштаға" қайтарылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК "ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”