Нұр-Сұлтанда бір адам коронавирустан жазылды
Елордада короавирусқа шалдқыққан бір науқас жазылып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
4 сәуір бойынша коронавирустық инфекцияның 202 жағдайы тіркелді, оның ішінде:
- 186 адам стационарда (Ақмола облысы - 3);
- 17 адам сауығу нәтижесімен ауруханадан шығарылды;
- бір өлім жағдайы тiркелді.
Қазіргі уақытта КВИ бар 5 науқастың жағдайы - тұрақты ауыр, 3 науқас - өкпені жасанды желдетуде, яғни КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес емдеуде.
Қалған емделушілердiң жағдайы - қанағаттанарлық.
Талқылау