AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Нұр-Сұлтанда балаларға манту деп, коронавирусқа қарсы вакцина салып жатыр": Денсаулық сақтау басқармасы түсіндірді

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева балаларға қазір манту сынамасы деген желеумен коронавирусқа қарсы вакцинацияланады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желілерде қаладағы бірінші сынып оқушыларына манту егіліп жатқаны туралы айтылған. Бірақ кейбір ата-аналар мантудың атын жамылып, коронавирусқа қарсы вакцина салып жатыр деп дау шығарды. 

"Жыл сайын қыркүйек айында бірінші сынып оқушылары арасында туберкулезге қарсы вакцинациясы жүргізіледі. Бүгінде барлық мектептер мерзімді вакцинацияға дайындалып жатыр, тізімдер жасалуда. Бұл компания жыл сайын толық көлемде өткізіледі", – деп жауап берді ол.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова елордада балалар көбінесе вакцинацияланбаған ересектері бар отбасыларда коронавирус жұқтыратынын айтты.

Оның айтуынша, балалар арасында аурушаңдықтың өсуі жазда байқалған. Маусымнан бастап балалар интоксикация, дене қызуының жоғарылауы, катаральды белгілер сияқты айқын клиникалық белгілермен келе бастады.

Қазір 43 бала оң нәтижемен ауруханаға жатқызылған. Жыл басынан бері 10 мыңнан астам бала коронавируспен ауырған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр