Нұр-Сұлтанда ашулы клиент шаштараздардың шашын бір біріне қырыққызды: Полиция мән-жайды айтты
Желіде үш шаштараздың бір бірінің шашын алған видеосы таралып жатыр. Шаштаразға көңілі толмаған клиент оларды қорқытып, шашын алғызды.
Кейін ер адамның таяқ жеген күйінде кешірім сұраған видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Видео @jexennews Telegram каналында жарияланды.
Ер адам бейәдеп сөздерді қолданады және соңында жігіттерден қатысушылардың оған қарсы шағымдары бар-жоғын сұрайды. Олар «жоқ» деп жауап береді.
Екінші видеода ер адам жасаған әрекеті үшін кешірім сұрайды.
«Мен балалардың шашын алдырғаным үшін кешірім сұраймын. Мен үлкен қателік жібердім. Бұл қайталанбайды», - деді ол.
«Әлеуметтік желіде бейнеролик таралды. Нұр-Сұлтан қаласында клиент пен шаштараздардың арасында жанжал болған. Қазіргі уақытта жанжалдың барлық қатысушылары анықталды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деді «Нұр-Сұлтан» ДП баспасөз қызметі.
Талқылау

"Қазақ жігіттері эмоциясын көрсете алмайды": Бразилиялықпен көңіл жарастырған қазақстандық аруды сүйіктісінің ұлты да, жасы да алаңдатпаған
Жанель: "Сезіміміз бен сеніміміз сыналды"

"Президенттің ұзақ мерзімге отыруы қате": 14 жыл бойы ЕҰУ-ды басқарып келе жатқан Ерлан Сыдықов әлеуметтік желіде сынға қалды
Басылым жариялаған видеода журналистің ректордың соңынан қалмай, сұрақ қоюға тырысқанын байқауға болады