Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан мен Алматыдан төрт аймаққа ұшатын әуе рейстерінің кестесі шықты

4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Қызылорда, Өскемен, Семей және Петропавл қалаларына әуе қатынастарын қайта жанданатыны туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты азаматтық авиация комитеті рейстердің кестесін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әуе компаниялары рейстерді келесі кестеге сәйкес орындауды жоспарлап отыр:

әуе

Ұшу барысында  денсаулық сақтау министрлігінің бас санитарлық дәрігері бекіткен санитарлық талаптардың күшейтілген нормалары қатаң сақталуы керек. Олардың негізгілері мыналар:

➖ жолаушыларда COVID-19 тестінен өткені және оның нәтижесі теріс болғаны туралы анықтама болуы қажет (анықтаманың қолданылу мерзімі - берілген күннен бастап 7 күн);

➖ жеке қорғаныс құралдарын пайдалану (бетперделер, қолғаптар);

➖ термометрия, әлеуметтік қашықтық сақтау;

➖ әуежайлар мен әуе кемелерін күшейтілген негізде залалсыздандыру.

Азаматтық авиация комитеті санитарлық қауіпсіздік талаптары бойынша аталған рейстерде бортта тамақ берілмейтінін ескертті. 

Қазақстан әуе компаниялары күрделі жағдайды ескере отырып, билеттер құнын сатып алу күні мен уақытына байланысты 10 мыңнан 30 мың теңгеге дейінгі аралықтағы бағаны белгіледі.  

Комитет алдағы уақытта жағдай жақсарған кезде ішкі рейстер санын және әуе кемелерінің сыйымдылығын арттыру мәселесі қарастырылатынын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, енді ұшаққа отыру үшін коронавирустың жоқтығы туралы анықтама қажет.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр