Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан мен Алматыда такси бағасы шарықтап кетті

Елорда мен Алматы тұрғындары такси жүргізушілері қызметінің қымбаттауына шағымдануда. Мереке қарсаңында жол құны 30%-дан көп өскен. Бұл қымбатшылықтың себебі неде? Ірі агрегаторларда "жоғары сұраныс" көрсетілген, елордада бір аптадан астам уақыт бойы, әсіресе мереке алдындағы соңғы күндерде жоғары баға байқалады. Қала тұрғындары бұл айырмашылықты бірден байқады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп хабарлайды.

Қазір бар болғаны екі шақырым жерге таксимен бару кем дегенде 1500 теңге тұрады. Елорда тұрғындары өздері түрлі себептерді айтып отыр. Өз кезегінде такси жүргізушілері күннің суықтығы мен ЖЖМ бағасының қымбаттауы такси құнына әсер ететіндігімен келіседі.

Бұл себептер агрегатор комиссиясымен бірге 24% жүргізушілердің санын азайтып отыр. Мереке алдында көлікпен жүргісі келетіндер көп.

“Мен өз қосымшам туралы айтамын, ол бағаны жасанды көтере алмайды, өйткені біздің қалада бәсекелестер өте көп. Оның мағынасы жоқ. Адамдар басқа такси компаниясына кетіп қалады, сонымен жүреді.  Жасанды түрде баға көтерілмейді. Сұраныстың аты сұраныс”, – дейді  такси жүргізушісі Болат Бүркітбаев.

Жолдағы жүктемелерден көліктің көп екенін байқуға болады. Алайда тасымалдаушылар арасында баға келісімі бар-жоғын білу іс жүзінде мүмкін емес. Бұл сала мемлекеттік бақылауға жатпайды.

Талқылау