AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан маңындағы ауылды "қоқыс басып қалған": Тұрғындар наразылық білдірді

Нұр-Сұлтан маңындағы Талапкер ауылының тұрғындары қоқыстың ортасында отырмыз деп шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қоқыс шығарушылар арнайы компаниямен келісімшартқа отырғысы келмегендіктен, оны қалаған жеріне тастап кетеді. Нәтижесінде қаланың сыртындағы бір ауыл қоқыстың астында қалған. 

“Біздің ауылдың жанында орман бар. Ондағы жағдайды көрсеңіз, тіпті қорқынышты. Біз өзіміз үнемі сенбілік ұйымдастырып, жинап тұрамыз, басқа амалымыз жоқ. Бір айға жетпей қайтадан сол қоқысқа толып тұрады. Арықтар мен каналдарға да қоқысты беталбаты тастай береді”, – дейді ауыл тұрғыны Эвелина Хаметова.

Тіпті адамдар автобусқа мініп, қоқысты аялдамаға тастап кетеді. Оны тастайтын қоқыс жәшігі де жоқ. Тек қоқыс шығарушымен келісімге келген отбасылардың ғана қоқысы алынып кетіледі. Қоқысы шығатын бар-жоғы 490 үй бар, ал қалған 6 мыңнан астам адам қоқысты қалаған жеріне шығарады.

“Біз қазір адамдарды келісімшартқа отыруға мәжбүрлей алмаймыз. Бізде келісімшартқа отырғандар бар. Алайда қалғандарын көндіру біздің ісіміз емес”, – дейді қоқыс шығаратын мекеменің директоры Сәбит Алпысбеков.

Әкімдік ауылдың көшесінде контейнерлерді жеткізу бойынша мемлекеттік келісімшарт жүйесін әзірлеуге уәде берген. Бірақ олар 3 жыл бойы құрғақ уәде беріп келеді. Ешқандай нәтиже жоқ. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр