Нұр-Сұлтан "қызыл" аймақта: Елордада жаңа шектеулер енгізілді
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері әкімдікте өткен брифингте елордадағы коронавирустық эпидемиологиялық жағдайдың неліктен нашарлағанын айтты.
Сархат Бейсенова елордада коронавирустың жаңа омикрондық штамының айналымы анықталғанын айтты.
"COVID-19 бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қала тұрғындарының бетперде режимін сақтамауға, әлеуметтік қашықтықты сақтамауға, вакциналауға немқұрайлылықпен қарауға байланысты қалада жұқпалы омикрон штамының неғұрлым тез таралуына ықпал етеді", – деді ол.
Оның айтуынша, бұл қалада шектеу шараларын күшейтуді талап етті.
"Бүгіннен бастап мен қол қойған қаулыға сәйкес, Қазақстанның бас санитария дәрігерінің "қызыл аймақ" бойынша қаулысында жазылған шектеулерден басқа, елордада мыналарға тыйым салынады:
- Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейін еске алуды қоспағанда, отбасылық, бұқаралық іс-шараларды далада да, үй ішінде де өткізуге;
- Ashyq жобасына қатысатынына қарамастан, концерт залдарының, филармониялардың, театрлардың, цирктердің, кинотеатрлардың қызметіне тыйым салынады;
- мешіттердің, шіркеулердің, синагогалардың, соборлардың және басқалардың объектілері мен діни бірлестіктерінің аумағында ұжымдық іс-шараларды, намаз жұмасын, діни жораларды және басқаларды өткізуге;
- конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізуге;
- түнгі клубтардың қызметі, караоке, қоғамдық тамақтану нысандарындағы барларда қызмет көрсетуге тыйым салынады", - деп хабарлады Бейсенова брифингте.
Сондай-ақ,ол қоғамдық тамақтану орындарына келушілер санын азайту туралы шешім шығарды, енді бір үстелге 4 адамға дейін ғана отыра алады.
Талқылау

Министр Нұртілеу ұсталды деген сыбыс қазақстандықтарды дүрліктірді: Бұл істің соңы немен бітті, Бажкенованы не күтіп тұр?
Соңғы күндері қазақстандық билік Гүлнәр Бажкеноваға бірнеше мәрте ескерту жасады

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
Екатерина Жанғарина: "Екі үлкен шәугім сүті бар шай беріп, "құя бер" деді"