Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны боранда мерт болды

Нұр Сұлтанның тұрғыны қарлы боранда мерт болды. Қазақстанның кейбір аймақтарында ауа райы әлі де жауып тұр. Ақмола облысында адамдар тас жолдан арқанмен эвакуацияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "31 арнаға" сілтеме жасап.

Қарлы боранда адамдарды жоғалтып алмау үшін құтқарушылар оларды ортақ арқанмен байлап қоюға шешім қабылдады.Осылайша қарлы боранда көліктерімен қалып қойған 20 адамды құтқарып алды. Бұл жағдай Ақмола облысында Ерейментау қаласынан 10 шақырым жерде болған. 

67 жасар Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Новокубанка және Белое Озеро ауылдарының ортасында қарлы боранның құрсауында қалып қойып, көмек шақыру үшін жаяу жолға шыққан. Ер адамды іздеу үшін жергілікті тұрғындар, құтқарушылар, полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Іздеу барысында арнайы техника да қолданылған, алайда келесі күні көлігінен 5 шақырым жерден ер адамның мәйіті табылды.

Бір тәулік ішінде боранда 200-ден астам көлік қалып қойған, 1000 адам құтқарылып, басым бөлігі жылыту аймақтарына жеткізілген. 

"Кей жерлерде көліктерді қалдырып, адамдарды ғана эвакуацияладық. Сонымен қатар елді мекендерге жедел жәрдем жіберілді. Ауылдардан еккіқабат әйелдерді қалаға жеткіздік. Қарағандыдан Теміртауға жедел түрде хирургты жеткіздік", - дейді Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысының орынбасары Мұрат Қатпанов.

Қарағанды облысында тәулік бойы боранда жоғалып кеткен екі бақташыны іздеп, бақытымызға орай олар табылды

Кеше республикалық жолдардың үштен бір бөлігі жабылды, сонымен қатар алты облыстағы 20 жолда шектеулер тұр. Құтқарушылар ауа-райы жайлы жіберілетін ақпараттарды тексеріп, "Дәрмен" мобильді қосымшасын пайдалануға кеңес береді.   

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Коронавирус: Медициналық қызметкерлер неліктен аурудың асқынған түрімен ауырады

Бұл жағдай олардың вирус ортасында көп уақыттарын өткізетіндіктен екен

Шымкент тұрғыны бүкіл отбасына коронавирус таратқан: Індетті жұқтырған оның сегіз туысы анықталды

Шымкентте коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген

Полиция қызметкері ауыр жарақат алды: Алматыда мас жүргізуші блок-бекетті соқты

Полиция қызметкерінің екі аяғы сыныпты

Қытайлық дәрігер коронавирус туралы ақпаратты жасыру туралы шағымдардан кейін жоғалып кетті

Қытай билігінің жұмысын сынаған мақала жарияланғаннан кейін дәрігер жоғалып кетті

Қарулы күштер жанындағы ұлттық ұлан қызметкерлеріне сыйақы беріледі

Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне, ұлттық ұлан мен қарулы күштердің әскери қызметшілеріне жалақы мөлшерінде сыйақы төленеді

Карантин уақытында жеке көлікпен жүруге мүлдем болмайды - Алматы әкімдігі

Қала әкімінің орынбасары: Каарнтин кезінде жеке көлікті пайдалануға тыйым салынған

Қазақстан аумағындағы ішкі пойыздардың қатынасы тоқтатылды

Соңғы пойыз бағыты 4 сәуірде тоқтайды

Қазақстанда коронавирустың 21 жаңа жағдайы тіркелді

Жалпы 423 науқас тіркелді

Сарымсақпен өзіңізді қорғауды жалғастыра бересіз бе? Алматы әкімінің орынбасары неліктен бетпердесіз жүретінін түсіндірді

Ерлан Қожағапанов тікелей эфирде азаматтар мен журналистердің сауалдарына жауап берді

Тапсырма 11 күн бұрын берілген: Қазақстандықтар 42500 теңгелік жәрдемақы дер кезінде төленбегені үшін үкіметті айыптады

Қазақстандықтар мемлекеттік жәрдемақыға қол жеткізе алмай әбігерге түсті
Çàãðóçêà...