Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда әйелдің үйінен екі КамАЗ қоқыс шықты

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынының үйінен екі КамАЗ тұрмыстық қоқыс шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

қоқыс

Сурет: krasnodar.reklama-kuban.com

Үйі Сарыарқа даңғылында орналасқан қарт әйел ұзақ уақыт бойы үйінде қоқыс жинап, санитарлық нормаларды бұзды. Жағымсыз иіске алаңдаған тұрғындар осы жағдайға байланысты полицияға хабарласты. 

«Тексеріс барысында аталған факт расталды. Учаскелік полиция үйге тауардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті басқармасының, Сарыарқа әкімі аппаратының қызметкерлерін шақырды. Артынша үйден екі КамАЗ тұрмыстық қоқыс шығарылды», - деді полициядағылар. 

Жедел-түсіндіру шаралары аясында полицейлер жергілікті тұрғындарға тәртіпті түсіндіруде. Осы шаралар кезінде 200 адам әкімшілік тәртіпке шақырылып, 46 өтініш тиісті мемлекеттік органдарға жіберілді. 

Осыған ұқсас жағдай Атырауда да болды. Әйел адам үйінде 20 жыл бойы қоқыс жинап, кейін қоқысты үш жүк көлігімен шығаруға тура келген-ді.

Талқылау