Нұр-Сұлтан әуежайының коды TSE-тен NQZ-ке қашан өзгереді
8 маусымнан бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы кодты TSE-ден NQZ-ке өзгертеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елордалық әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2020 жылдың 8 маусымынан бастап авиакомпанияларды брондаудың барлық жүйелерінде, соның ішінде билеттерде, жолжүк жапсырмаларында, ақпараттық тақталарда NQZ жаңа әуежай коды қолданылатын болады.
"Код бір рет берілетіндіктен, енді өзгермейді, астаналық әуежайдың әкімшілігі бұл күнді тарихта қалдыруға шешім қабылдады.
8 маусымда лентаны кесу салтанатты рәсімі жоспарланған",-деп хабарлады әуежайдың баспасөз хатшысы Назгүл Талипова.
Әуежайдың халықаралық терминалында бірінші қабатта код өзгерген күні код әріптерінен жасалған көлемді макет орнатылады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”