Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағандыдағы бірқатар нысанда "Ashyq" мобильді қосымшасы енгізіледі

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов 26 ақпанда "Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында кәсіпкерлік объектілерде "Ashyq" мобильді қосымшасын енгізу бойынша пилотты жүргізу туралы" №7 қаулыға қол қойды,  деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ashyq" пилоттық жобасы төмендегі кәсіпкерлік субъектілерде іске асырылады:
1) фитнес-клубтар;
2) спа-орталықтар;
3) сауналар,байссейндер;
4) компьютерлік клубтар (18 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда);
5) боулинг клубтар.

Қаулыға сәйкес, пилотқа қатысатын кәсіпкерлік объектілерде әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеудің мынадай өлшемшарттары қолданылады:

  • коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерде (қызыл аймақ) коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың орташа деңгейі (сары аймақ) үшін             әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары қолданылады;
  • коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық деңгейі орташа өңірлерде (сары аймақ) коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық деңгейі төмен (жасыл аймақ) әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары қолданылады.

Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында пилотқа қатысатын кәсіпкерлік субъектілері:
пилотқа қатысатын кәсіпкерлік объектілерге келушілерді  кіргізу олар үй-жайға кіреберісте немесе шығаберісте көрсетуі үшін келушінің мәртебесін айқындауға арналған арнайы QR-кодты сканерлеген жағдайда жүзеге асырылады:

  • "жасыл"мәртебе – келуші деректер базасында COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен ретінде көрсетілген;
  •  "көк" мәртебесі – ПТР тестілеу нәтижелері жоқ, COVID-19 науқаспен  байланыста болған ретінде есептелмейді;
  •  "сары" мәртебе – деректер базасында COVID-19 науқаспен  байланыста болған ретінде көрсетілген;
  • "қызыл" мәртебе – базада COVID-19-қа оң нәтижемен тіркелген.

Келушіде смартфон болмаған жағдайда кәсіпкерлік объектісінің қызметкері келушінің келісімімен ақпараттық жүйеде оның мәртебесін тексереді.



Осылайша, мәртебесіне сәйкес оқшаулауға жататын келушілердің пилотқа қатысатын кәсіпкерлік объектілерге кіруіне жол берілмейді.

Ал "қызыл" мәртебесіне сәйкес оқшаулауға жататын келушілер анықталған кезде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне хабар беру керек.

Айта кетейік, қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинацияланған қазақстандықтардың жеке иммундық мәртебесі туралы ақпараты бар QR кодтары шығарылатынын айтқан.

Жеке иммундық мәртебе туралы мәліметтер eGov Mobile қосымшасында және Ashyq медициналық қосымшасында көрсетіледі. Бұл қосымшаға көрсетілген түске байланысты мекемеге кіруге мүмкіндік береді.

Талқылау