Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан әкімі LRT құрылысының жанданғанын растады

Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифингте Алтай Көлгінов LRT құрылысының жандануына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұр-Сұлтандағы LRT ісі аяқталды

Журналистер әкімнен “LRT құрылысының жандануына байланысты жұмысты жалғастыру үшін тиісті сарапталар жүргізілді ме?” деп сұрады.

“Иә, қазір құрылыс маусымының басталуына байланысты LRT құрылысын жандандырдық. Шарттар бұрынғыдай. Қытайлық және жергілікті серіктестеріміз бар. Келісімшарт бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Белсенді деп айтпаймын. Қаржылық жағдайлар шешілгеннен кейін белсенді жұмыс жасайтын боламыз. Қазір конкурстық процедуралар болып жатыр. Банктермен де келіссөздер жүріп жатыр. Қаржы көзі қалай келеді жұмысты бастаймыз. Монтаждық құрылыс жұмыстарын бастамас бұрын техникалық сараптама жасайтын боламыз. Бәрі бақылауда болады. Мамандар тексереді”, – деді әкім.

Сондай-ақ әкім жұмысты аяқтау үшін 1 миллиард доллар көлемінде қаражат тарту керектігін айтты. 

“Бізде қытайлық және жергілікті серіктестеріміз бар. Қосымша қаражат көлемін тартқан кезде негізгі жұмыс басталады. Басында 2,60 миллиард доллар көлемінде қаражат керек болған. Біз оны 800 миллион долларға үнемдедік. Ал қазір жобаны толық аяқтау үшін 1 миллиард доллар көлемінде қаражат керек. Конкурс ішкі банктер қатысатын болады”, – деді әкім.

Айта кетсек, кеше әлеуметтік желіде LRT жобасының құрылыс алаңында құрылыс жұмыстары жүріп жатқанын туралы видео таралған болатын.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 30 Маусым, 2021 12:17
Талқылау