AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Cұлтанда бас көлік прокурорының аға көмекшісі "Үздік мемлекеттік қызметші" атанды

Жыл сайынғы "Үздік мемлекеттік қызметші" республикалық конкурсы аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

аға

Нұр-Сұлтан қаласынан қатысып, жеңімпаз атанғандардың бірі – бас көлік прокуратурасының бас көлік прокурорының аға көмекшісі Артур Баймаханов.

Баймаханов Артур ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің өңірлік комиссиясында екі кезеңнен сәтті өтті. Республикалық деңгейде қылмыстық процесс проблемасының заманауи шешімін ұсынатын "I tergey" жобасын қорғады.

“Мемлекеттік қызметші елдің айнасы секілді. Оның ар-ожданы биік, әділетті, талантты ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін қоғам бағалайды. Халыққа адал қызмет етуді басты міндетім деп есептеймін. Әрбір мемлекеттік қызметші бұл қағидатты берік ұстануы қажет. Олар елдің мүддесін бірінші орынға қоюы тиіс, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы міндетті. Нақты айтар болсақ, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметші болу – жауапты міндет. Себебі ол –  қашан да биліктің айқын бейнесін көрсетуші тұлға. Өйткені, ол қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді,  - дейді Артур Баймаханов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр