Нұр-Cұлтанда балабақша тәрбиеленушісі қызды үш сағат бойы ұрып-соққан: Қылмыстық іс қозғалды
Елордалық балаларды дамыту орталығындағы жантүршігерлік оқиға болды. Тәрбиеленушілердің өзімен жасты қызды ұрып-соғып, еденде сүйреген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.
Бұл кіші топтағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Айтуынша, қыз ер баланың қорлығына үш сағат бойы шыдауға мәжбүр болған. Алайда тәрбиешілер мұны "жай жанжал" деп, араласпауды жөн көріпті. Полиция тергеуді бастағанын айтты.
“Балаларды дамыту орталығы мұғалімінің заңсыз әрекетінің фактісі бойынша Алматы аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі – "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша іс жүргізіліп жатыр”, – дейді қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Эльмира Шәуленова.
Кәмелетке толмаған балаға сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн