Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Cұлтан коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа енді

Нұр-Сұлтан коронавирустың таралуына байланысты "қызыл" аймаққа енді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 10 желтоқсандағы жағдай бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан мен Павлодар облысы орналасқан. "Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы. Қалған өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан.

Еске салайық, кеше (9 желтоқсандағы деректер бойынша) Қазақстанда 777 адам коронавирус жұқтырды. Оның 121-і - елордада.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов коронавирусқа байланысты локдаун туралы сұраққа жауап берген болатын. Оның айтуынша, қазір қаланы жабу жоспары жоқ.

"Егер оң нәтижелер көбейсе, қосымша карантиндік шектеулер болады. Сондықтан өте мұқият болу керек және санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Сонда қосымша карантиндік шектеулер болмайды", - деді Көлгінов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр