Нұржан Керменбаев қажылыққа аттанды
Ел арасында Кап-карашка атымен танылып кеткен әнші Нұржан Керменбаев қажылық парызын өтеу үшін қасиетті Меккеге аттанды, деп хабарлайды Stan.kz.
Жыл бойы сапар үзілмесін деді ме, әйтеуір жыл басталғалы жұлдыздардың түгелі дерлік шетелге аттанып кетті. Олардың көпшілігі құстар ұқсап қақаған қыста жылы аймақтарға ұшып кетті. Жұлдыздардың таңдауы Таиланд, Дубай, Мальдив аралдары, Мысыр және т.б. мекендерге түскен.
Ал Төреғали Төреәлі, Бейбіт Көшқалиев, Мақсат Базарбаев, Жігер Ауыпбаевтар мұсылманның бес парызын өтеу үшін Мекке, Медине қалаларында болып қайтты. Олардың қатарына енді Нұржан Керменбаев та қосылды.
Қуанышты жаңалығымен желіде әншінің өзі бөлісті.
“Алланың тыныштығы мен берекесі тұнып тұрған қасиетті мекендеміз. Бұл жақтағы сезімдерді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сіздер де осындай күйді кешіп, осындай сезімде болуларыңызды тілеймін. Жұғысты болсын, Қазақ елі. АЛЛА-ұлық”, – деп жазды ол.
Жіберіп алмаңыз:
“Димаш” және “Қазақстан” қытайлар ең көп іздейтін сөздер қатарына кірген
Баян Есентаева өзіне тіл тигізген зейнеткерді сотқа берді
Карина Абдуллина марқұм Болат Сыздықовқа ән арнады (видео)
Мәдина Сәдуақасова шашын сары түске бояп тыңдармандарын шошытты (фото)