Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұржан Керменбаев “Қара бала” атауын брендке айналдырмақ (фото)

Капкарашкадан Қара балаға дейін! Иә, алғашқыда Капкарашка есімімен танылған Нұржан бүгінде бұл никнеймнен бас тартқан. Себебі әнші ел ағасына айналған күні өз есімінен ұялғысы келмейді. Есесіне Қара бала атауы Нұржанның құлағына майдай жағады, деп жазады Stan.kz.

Әнші желідегі әр постын Қара баланың атынан белгілейді. Бұл атқа үйренісіп қалғаны соншалық, Керменбаев “Қара бала” деген жазуы бар бас киімдер жасатып, киіп жүр. Ол қайда барса да, өз “есімі” жазылған бас киімді тастамайтын болған. Ал алдағы уақытта Нұржан бұл атауды брендке, яғни жеке табыс көзіне айналдырмақ.

Бұл туралы Нұржан Нұрлан Қоянбаевтың “Түнгі студия” бағдарламасында айтты.

“Басымдағы кепка жарнама емес, брендке жақын дүние. Яғни әлі бренд қылған жоқпыз, бірақ ниеттеніп жүрміз”, – деген Нұржан жаңа істі қолға алу үшін уақыт пен жауапкершілік керек екенін атап өтті.

“Арнайы тапсырыс берейін деп жатырмыз. Алғашқы топтамасын шығарамыз. Егер өтімді, халыққа ұнамды болса, неге әрі қарай айналыспасқа? Тек қана қара бала емес қара қыздарға да арнап шығарғым келеді. Әзірше ойластырғанымыз футболка мен осындай кепкалар”, – деп атап өтті Нұржан.

Керменбаевтың сөзіне сенсек, стильді бас киімдерді қара қыздар киюден қымсынбайды.

“Қазақтың қарапайым қара қыздары көп шығар деп ойлаймын. Дизайнын әдемілеп жасасаң, неге кимеске? Өзімнің қарындастарым да киетін еді деп ойлаймын”, – деп түсіндірді Керменбаев.

Жіберіп алмаңыз:

Мінсіз отбасы: Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуі мен ата-енесін мақтап әлек (фото)

Айдана Меденова фанаттарына ерекше тосын-сый әзірледі

Ғаділбек Жаңайдың ғашықтарға арнаған бейнебаяны көптің жүрегін елжіретті (видео)

Меруерт Түсіпбаева: Күйеуге шығатын жігітті жасанды пәктікпен алдай салған дұрыс

Талқылау