Нұртас Адамбайдың егізі киноға түсті
Қазақстандық режиссер, продюсер әрі актер Нұртас Адамбайдың 22 жастағы егізі Ержан Тұрсағұлов киноға түсті. Алматы облысындағы кішігірім Үшарал атты елді-мекен тұрғыны «Пришельцы в ауле» атты комедиялық фильмде басты рөлдердің бірін сомдады.
PR-қызметінің мәліметінше, кинокартина тұңғыш президент күні қарсаңында, яғни 1 желтоқсан күні прокатқа шығады, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Түсірілім жұмыстары шілде айының басында басталған болатын. Бір айға созылған түсірілім Алматы облысының Қаскелең және Үшқоңыр ауылдарында жүргізілген.
«Кастинг кезінде қызықты жағдайлар болды. Мәселен, желіде Нұртас Адамбайдың егізінің видео-жолдауын көріп, оны кастингке шақырттық. Ол кумирінің назарын өзіне аударта алмаған еді. Жас жігіт те талантты актер болып шықты. Жалпы түсірілімге қатысқан жастардың барлығы жарады, нәтижеге де көңіліміз толады», – дейді Samai Media кинокомпаниясының PR-директоры Дания Азатова.
Азатованың айтуынша, фильмнің түсірілуіне аса көп қаражат жұмсалмаған. Десе де, жасаушылар фильмнің кеткен бар шығынды ақтайтынына сенімді.
«Пришельцы в ауле» фильмі – бірнеше жанрды тоғыстырған, отандық кинемотграфия саласына жаңашылдық алып келетін туынды. Фильмді көру барысында көрермендер сан түрлі эмоцияны бастан кешіреді. Мұндай фильм түсіру идеясы ойыма кездейсоқ келді. Жаңа дүние жасау, отандық киноны бір сатыға болсын көтеру идеясы туды. Оны жүзеге асыру үшін актерлер, суретшілер, декораторлар мен жарық берушілер аямай тер төкті», – деп атап өтті ол.
Жіберіп алмаңыз:
Актриса Әсел Сағатова әншілікке бет бұрды
Беделхан “Ninety one” тобына қалыптасқан кері көзқарасқа БАҚ өкілдерін кінәлап отыр
Төреғалидің «Бір түрлі қыз» бейнебаяны жарық көрді (видео)
Сәкен Майғазиев: Жанболатқа арқа сүйеп талай жігітке доқ көрсеттік