Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай билікке науқас балаларды тегін емдеу жобасын ұсынды

Белгілі кинорежиссер әрі актер Нұртас Адамбай билікке жан айқайын жеткізді. Ол еліміздегі барлық науқас балаларға тегін емдеу жобасын ұсынды. Адамбай бұл жобаның ел бюджетіне айтарлықтай ауырлық түсіретін ЭКСПО мен Универсиададан әлдеқайда арзанға түсетінін жеткізді.

адамбаев

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«ЭКСПО мен Универсиада – елімізге бедел алып келетін жобалар екенін түсінемін. Осы екі шараның арқасында бүкіл әлем бізді планетаның болашағын ойлайтын заманауи, спорттық мемлекет ретінде таниды. Енді мен келесі имиджік жобаны ұсынамын. Ол «Қазақстан сау балалар елі» деп аталады. Бүгінде ем-домға мұқтаж барлық балаларға көмектесейікші. Бұл жоба бізге әлдеқайда арзанға (ең болмағанда алдыңғылардан қымбат емес) түсетініне сенімдімін, есесіне әлем қауымдастығының алдында еліміздің беделі, абыройы артар еді. Барлық науқас балалардың емін мемлекеттік есептен төлеген әлемдегі ең алғашқы ел болайықшы.

Осы жоба аясында балаларға тегін қызмет көрсететін ең мықты балалар ауруханасын салайық.

Қазақстанда қаржының тапшылығынан балалардың омыртқасын наркоз салмай тесетінін естігенде қатты қорқып кеттім. Бәріміз үшін және мемлекетіміз үшін қорықтым. Заманауи әлемде мұндай нәрсе болмауы тиіс.

Балалардың көз алдында оларға әркез көмек көрсетіп, қорғайтын нағыз ересек адамға айналайық”, – деп жазады Нұртас Адамбай.

Бұл ретте желі қолданушыларының арасында Адамбайды жақтап, оның идеясына өз ойын қосқандар қатары көп болды. Алайда мұны жарнама есебіне жатқызғандар да табылды. Кейбіреулер “Нұртас Адамбай танымал бола түсу мақсатында осындай қадамға барып отыр” деп сөккен.

За последние дни ко мне пришло немало писем от родителей детей, нуждающихся сегодня в лечении. Пост о том почему бы не организовать проект “Казахстан – страна здоровых детей” затронул сердца многих казахстанцев. Конечно, все неравнодушные люди поддержали эту идею. Я понимаю, что может быть эта идея звучит утопично, но почему бы нам не привлечь внимание правительства нашей страны к этой проблеме? Как раз сейчас министерство здравоохранения возглавил новый человек, который, честно говоря, вызывает доверие. Но и он один не сможет изменить ситуацию. Для того, чтобы хоть как-то облегчить участь болеющих детей и их отчаявшихся родителей необходима поддержка всего населения страны. Кто-то пишет мне: “Займись своим делом, зачем ты в это лезешь?” К сожалению, такие люди не понимают, что это и есть мое дело, и это должно быть и его делом тоже. Все нормальные люди должны понимать, что помощь детям – это одно из самых важных дел, которым должно заниматься государство. Находятся и такие, кто пытается обвинить меня в “популизме и самопиаре”. Друзья, да я бы рад вообще не писать о таких проблемах! Я бы очень хотел, чтобы таких проблем не было в нашей стране, но, к сожалению, сегодня количество просящих помощи увеличвается с каждым днем. Радует то, что абсолютное большинство пользователей соцсетей поддержало эту идею, многие из них готовы и сами помочь детям, но для кардинального изменения ситуации необходимо вмешательство государства. Хочется проснуться однажды и не найти в инстаграме ни одной просьбы помочь ребенку. #КазахстанСтранаЗдоровыхДетей

Фото опубликовано nurtasadambay (@nurtasadambay)

Жіберіп алмаңыз:

Нумеролог Баян Есентаеваның сәбилі болуы мүмкін екенін айтты

“I am singer” жобасындағы Димаштың қарсыластары кім?

Танымал нумеролог Қайрат Нұртастың жеке өмірі туралы айтып берді

Айсәуле Бақытбек “әкесінің тағдырына бей-жай қарайды” дегендерге жауап берді

 

Талқылау