Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай Алматы базарында пепси сатқан

Режиссер, әрі актер Нұртас Адамбай мектеп кезінде қалай пепси сатқанын айтып берді.

pogudx57thl83b1ij.d23d099b

«8 не 9-сынып оқып жүргенімде Алматыға әжемнің үйіне жазғы демалысқа келгеніміз есімде. Жаз бойы әжемнің үйіне туған-туыс жиналатын еді. Бірде ағам қарыз ақшасының орнына бірнеше жәшік пепси кола алған. Оларды тауысу үшін бізге сатуды ұсынды. Үлкеннің айтқанын тыңдап өскендіктен, біз оның айтқанынан бас тарта алмадық. Сөйтіп туысқандардың балалары кесте бойынша бөлініп Абай мен Алытынсарин көшесінің қиылысында пепси сататын болдық», – деп жазады Нұртас Адамбай желідегі парақшасында.

Ол інісімен бірге оқушы болғанынан қарамастан қалай сауда жасағанын, пепсилерін қалай өткізгенін айтып берді.

«Біздің жанымызда тұрған бала – нағыз бақталасымыз еді. Оның саудасы біздікінен жақсы жүрді. Өйткені, бар даусымен айқайлап алушыларды өзіне қаратады. Екіншіден лимонад пепсиге қарағанда өтімді. Менің өзім пепси тәтті болғандықтан іше алмай, одан лимонад сатып алатынмын. Оның саудасы біздікінен 10 есеге артық жүретін. 3 күн өткен соң мен шындап кірісейін дедім. Өзгеше айқалау әдісін үйреніп, аузым жабылмай айқайлай бастадым. Алматыда мені кім танып жатыр деп ойладым. Ұятты ысырып қойып, саудаға шын берілдім. Осыдан соң сауда жүре бастады. Бастапқыда ағаммен 20 теңгеден сатсақ, 5 теңгесі біздікі болады деп келіскенбіз. Кейін сауда қыза бастаған соң 50/50 пайда көрдік. Оны ағам әлі күнге дейін білмейді. Кейін ол барлық тауарын тегін берді. Өйткені, олардың жақсы өтіп жатқанын білмеген еді. Осылайша демалыстан қайтқанда, бізде қомақты қаржы болды. Сол жазда мен «Тиыннан теңге құралады» деген сөздің мәнін ұқтым. Сатушы болу кей адамдарға ұят іс секілді көрінуі мүмкін. Бірақ адам солай ойлап жүргенде, өзгелері өз бизнесін дөңгелетіп жатады. Егер бірнәрсеге қол жеткізгің келсе, баста. Және оны өзгелерден артық орындауға тырыс», – дейді актер басынан өткерген оқиғасынан сабақ ала отырып.

Жіберіп алмаңыз:

Нұртас Адамбай уақытша тіркеу туралы әзілдеді

Нұртас Адамбай французды қалай қазақша балағаттағанын айтып берді

Нұртас Адамбай балалар ауласының жанында кальян ұсынған кәсіпкерлерге ренішін білдірді

Талқылау