Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев “Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев” бағдарламасының қонағы болды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан” Ұлттық арнасындағы “Түнгі студия” шоуына қонаққа келді.

15259034_1303536813001172_8524156497846861824_n

Бұл туралы бағдарлама редакторы Нұрмахан Мұқанұлы инстаграмдағы парақшасында жария етті. Жарияланған ақпараттарға қарағанда президент қатысқан бағдарлама түсірілімі 28 қараша күні болған.

15057242_685395994972353_4121248496080650240_n

Бағдарлама қызметкерлерінің әлеуметтік желідегі жазбаларына сүйенсек, президентті шақыру үшін ұжым бір жыл бойы еңбек еткен. Әзірге эфир барысында қандай тақырыпта әңгіме қозғалғаны беймәлім. Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен болған эфир 1 желтоқсан күні көрсетіледі деп күтілуде.

Жоба туралы арнаның ресми сайтында “Бағдарламада келген қонақ пен жүргізуші арасында еркін сұхбат жүреді. Белгіленген бір тақырып аясында емес, кез келген тақырып бойынша әңгіме өрбиді. Қатысушыларға орынды қалжың арқылы саяси сынаулар мен ойландырар сауалдар қойылады. Бағдарламада жанды дауыста әр түрлі музыкалық аспапта ойнайтын топ жұмыс істейді” деп түсініктеме берілген.

Оқи отырыңыз:

«Нұр-Мұқасан» дуэті тарап кетті

Менің анам мен үшін мінсіз! Айсәуле Бақытбек жан айқайын жеткізді

Бейбіт Көшқалиев өзінің университеттегі ұстазына үйленгенін мойындады

Әнші Ademi: Күйеуім «саған төсек қатынасын ұсынады» деп әнші болғанымды қаламады

Талқылау