Нұрсұлтан Назарбаев Астананың құрылысы үшін түн ортасында 50 млн доллар іздеген
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы Қаржы министрі Александр Павловқа түн ортасында 50 млн доллар тап деп хабарласқан сәтін еске алды.
Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.
Мемлекет басшысы бұл естелігін «Тәуелсіздік тағылымы» атты тележоба кезінде айтып берді. «Менің есімде, сен жақсы министр болдың… Астананың құрылысы тоқтап қалған кезде, мен сені түнгі сағат 02.30-да оятып, «құрылысшыларға төлейтін 50 млн доллар тап дегенім есімде», – деді Мемлекет басшысы Павловқа қарата айтқан сөзінде.
Александр Павлов расымен де ондай оқиғаның болғанын еске алды. «Айтпақшы, сол кезде біздің әлі үкіметтік байланысымыз орнамаған кез еді. Кеңес одағынан қалған қоңыраулар болатын. Оны қолданған адамдар жақсы біледі, дауысы дабыл сияқты. Түнде Алматының жарығы сағат 23.00-ден кейін сөнетін, есіңізде шығар? Біз әлі жұмыста отырған едік, сол кезде қоңырау келді де «Президентпен сөйлесесіз бе?» деген сұрақты естідім. Бұл, әрине, қалжың шығар деп отырғамын, бірақ, бір мезетте Нұрсұлтан Әбішұлының дауысын естідім. Президент «ұйықтап жатырсың ба?» деп сұрады.
Мен «жоқ, жұмыста отырмын» дедім. «Тыңда, таңертеңге дейін 50 млн доллар табу керек», – деді Президент. Ол кезде бұл ақшаны табу оңай емес еді. Бірақ, таптық. Сол кезде түсінгенім, Мемлекет басшысы түнде де ұйықтамай жұмыс істейді екен»,-деп еске алды Павлов. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың түнде жұмыс істейтінін Астананың алғашқы әкімі болған Әділбек Жақсыбеков те біледі екен. «Мені түнгі сағат 01.30-да әкім етіп тағайындаған. Мені түнде шақырған Нұрсұлтан Әбішұлы «ертең сені әкім етіп тағайындаймын. Бұл менің өмірімдегі ең маңызды жоба, сондықтан, сенен жауап аламын» деді. Мемлекет басшысы түнде де тынбай жұмыс істейді», – деп еске алды Жақсыбеков.
Жіберіп алмаңыз:
Маңғыстауда 8-сынып оқушысы 3 баланы өрттен құтқарды
Назарбаев өзіне айтылатын жағымпаз мақтаулар жайлы айтты
Жақып Асанов өзіне қысым көрсеткен облыс прокурорларының сазайын бермек