Назарбаев өзіне айтылатын жағымпаз мақтаулар жайлы айтты
ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күніне орай өткен салтанатты жиында қатысушылардан өзіне жағымпаз мақтаулар айтуды доғаруды сұрады.

«Бүгін менің атыма көптеген жағымпаз мақтаулар айтылды. Мен мұндайға елітетін жаста емеспін. Бірнәрсе жасалып жатса, ол жайлы айтқан дұрыс, ал одан асыра мақтау керек емес», – деді елбасы бейсенбі күні өткен салтанатты жиында.
Бұдан бөлек мемлекет басшысы құттықтау тілектерін айтқандарға алғысын айтты.
«Мұның бәрі мені болашақта да шабыттандыру үшін айтылып жатыр деп санаймын. Шынымды айтайын, мен шабыттанып отырмын», – дейді елбасы.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстан Конституцияға өзгерістер енгізуі мүмкін
Назарбаев 2017 жылы зейнетақы мөлшерін арттыруды тапсырды
2017 жылы бала туғанда берілетін жәрдемақы көлемі артатын болды
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады