Нұрлан Еспанов өнердегі інілерінің не себепті әйелдерін жасыратынын түсіндірді
Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Ернар Айдар… Иә, бұл өмірлік серіктерін жұрт көзінен жасырып келе жатқан қазіргі қазақ эстрадасындағы ең танымал жұлдыздар. Қайрат 10 жыл бойы жасырған жұбайын халыққа енді таныстырса, Ернар үйленгенін жасырып әлек. Ал Төреғали Төреәлінің отбасы туралы мүлдем ақпарат жоқ, деп жазады Stan.kz.
Толқын есімді қыздың ұзатуында түсірілген бірлі-екілі сурет болмаса, Ұлы дала баласының әлі күнге дейін үйленген не үйленбегені белгісіз.
Бұл ретте Нұрлан Еспанов 31 арнанаың «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында жұбайларын жасыратын жастарды жақсы түсінетінін айтып, олардың не себепті мұндай қадамға баратынын түсіндіріп берді.
«Шынын айтқанда, басында үйленген кезде сондай болады. Біздің уақытымызда әлеуметтік желі болмады. Біздің үйленгеніміз ешкімге қызық болмай қалды ғой енді.
Ернар, Қайрат, Төреғали қазақ эстрадасында өзіндік орны бар жұлдыздар. Қазірше жасырады ғой. Біздің жасымызға келгеннен кейін ертіп жүреді, көресіздер. Сол күнге Құдай жеткізсін дегім келеді оларға», – дейді Нұрлан Еспанов.
Өнердегі інілерінің әрекетін жақтаған Нұрлан Еспанов бұл жағдай менің де басымнан өткен деп ақталды.
«Бірақ енді той деген қызық дүние, той – елдің қазынасы. Қазір еркелік басымдау болып тұр. Елдің ерке азаматтары еркелеп жүрген болар. Еркелесін, рұқсат берейік. Көрсетіп, бағдарламаға алып келетін болады, мен оған кәміл сенемін. Өйткені оның бәрі менің басымнан өткен. Сол себепті барлығына сәттілік тілеймін», – деп түйіндеді сөзін ол.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаева арман қуған қыздарға аналарын тыңдамауға кеңес берді
Желіде Қайраттың жары Жұлдыздың эксклюзивті суреттері пайда болды (фото, видео)
«Өнер қырандары» театрының басшысы Мадиярға әйелі естен кетпес тосынсый жасады (фото, видео)
Ернар Айдар: Жарыма қарағанда, әркез ата-анама деген махаббатым биік тұрады