Нұрлан Батыров: Байзақованың кімнен жүкті екенін білемін
Instagram жұлдызы Айжан Байзақова жүкті екенін мәлімдеп, желіні дүр сілкіндірген еді. Көпшілік атышулы бикештің бұл сөзіне сене қоймады. Айжан “хайп” үшін бәріне дайын деп топшылады желі қолданушылары.
Алайда әріптестері Байзақованың расымен де ана атануға дайындалып жүргенін растап отыр.
Мәселен, Нұрлан Батыров НТК арнасының берген сұхбатында Байзақованың кімнен жүкті екенін білетінін айтты. Алайда ол туралы ауыз ашуға құлықсыз. Себебі біреудің жеке өміріне қатысты ақпаратты жария етуге құқығым жоқ, деген пікірді ұстанады ол.
“Айжан екеуміз фототүсірілім жасау керек едік. Мен оған күн сайын хабарласып, жазып тұрдым. Ол жауап бермеді. Кейіннен жағдайды түсіндірді. “Нұрлан, жүктіліктің 8-ші айындамын, сондықтан жауап бере алмаймын”, деді”, – деп ағынан жарылды вайнер.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Талқылау

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
Алматы әкімдігі Сайранда су қоймасы мен оның маңын тазарту бойынша сенбілік өтетін айтты

"Мүгедектер мен аурулар саны артып келеді": Бір аптадан бері түтінге тұншығып отырған атыраулықтар дабыл қақты
Адамдар жүйке жүйесіне әсер ететін улы зат – күкіртсутекпен уланып жатыр