Нұрболат Абдуллин: Той – әншілердің айлық алатын жұмыс орны
Соңғы кездері ел аузынан түспей жүрген Нұрболат Абдуллин бір кездері тек шығармашылық үшін жұмыс істеген. Мағыналы әндер жаздырып, халыққа ұсынған. Алайда онысын тыңдармандар бағаламаған көрінеді.
Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.
“Той бизнес деген – кәдімгі айлық алатын жұмыс. Бізде шоу-бизнестен қарағанда той-бизнес қатты дамыған”, – дейді Нұрболат ағынан жарылып.
Бұл ретте Нұрболат кезінде мағыналы әндер жаздырып, таныла алмағанын ашық айтты. Айтуынша, той әндерін шығара бастаған соң, халықтың оған деген сұранысы артқан.
“Ақшаға құнығып кеткен ештеңем жоқ. Шығармашылығымды шыңдайын деп басында мен де жазып көрдім. Біршама, он шақты ән жаздым. “Екі жиреннен” бастап, дауыс диапазонын көрсететін бірнеше әнімді халыққа ұсындым. Бірақ сұранысқа ие болмадым. Ал ел билейтін көңілді, тойда айтатын ән жазғаным сол еді, сұраныс пайда болды”, – дейді Нұрболат.
Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981
Жіберіп алмаңыз:
Белгілі журналист Құман Тастанбековтің көзі тірі кезінде бағаланбағанын айтып күйінді (видео)
Әшімов Тастанбековті өлеңмен жоқтап, жылап тұрып қалың жұртқа ішкі сезімін ақтарды (фото, видео)
2 жасар қызынан жұлдыз жасамақ болған Айдананы әріптестері сынап тастады
Ерке Есмахан хит әнін түрік актерімен бірге орындайтын болды