AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Nur Otan мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштеріне берген жауаптарын талдады

"Nur Otan" Партиялық бақылау комитетінің отырысында Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз етудің түйінді мәселелері мен партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы қаралды.

2021 жылы "Nur Otan" қоғамдық қабылдау бөлмесіне 174 мың қазақстандық жүгінген. Ал депутаттар мен партия мүшелері – мемлекеттік органдардың басшылары 34 мыңнан астам жеке қабылдау өткізді.

Талдау көрсеткендей, өтініштердің басым бөлігі әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жұмысқа орналастыру мәселелерімен байланысты. Азаматтарға консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетіліп өтініштердің барлығы дерлік шешімін тапты, тек 1%-ы ғана орындалу үстінде.

Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Әлия Садырбаеваның айтуынша, "Халыққа көмек" партиялық жобасы аясында мемлекеттік органдардың өкілдерімен 2,6 мың тақырыптық және көшпелі қабылдау өткізіліп, оның барысында 5,6 мың адамның өтініші тыңдалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп.

Отырыс барысында партия мүшелері азаматтардың мәселелері "Nur Otan"-ның араласуынан кейін ғана шешілгені туралы нақты мысалдармен бөлісті. Солтүстік Қазақстан облысының Ильич ауылында фельдшерлік-акушерлік пунктке күрделі жөндеу жүргізілсе, Шығыс Қазақстан облысының Қарағайлы ауылында жаңа су құбыры іске қосылды. Көкшетау қаласында партия көру және есту қабілеті нашар мүгедектердің қоғамдық көлікте тегін жүруін қамтамасыз етті.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдар тарапынан азаматтардың өтініштерін тиісінше және уақтылы қарамау фактілері орын алғаны айтылды. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне мемлекеттік органдардың жауаптарына 22 шағым (бас тарту, формальды жауап беру) келіп түсті, өтініштерді қарау мерзімдерін бұзудың 115 фактісі тіркелді. Сондай-ақ, кейбір басшылардың тарапынан өздерінің орнына орынбасарларын, тіпті қатардағы қарапайым қызметкерлерді қабылдау өткізуге жіберетін жағдайлар орын алған.

Комитет төрағасы, Мәжіліс депутаты Артур Платонов өтініштерді талдау негізінде жүйелі түрде қайталанатын проблемаларды анықтап, қоғамдық резонансты күтіп отырмай, оларды шешуді қолға алу керек екенін атап өтті.

Сонымен қатар, отырыс барысында Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз етудің түйінді мәселелері талқыланды. "Nur Otan"-ның осы өңірдегі филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ерлан Алпысовтың айтуынша, Есіл топтық су құбыры желілерінің басым бөлігінің әбден тозығы жеткен және пайдалануға жарамсыз, оны толығымен жаңалау қажет. 

"Шал ақын ауданында халық саны 19 мың адамға жетеді, бірақ олардың 59%-ы ғана орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. 2 ауылда адамдар суды санитарлық нормаларға сәйкес келмейтін жергілікті көздерден тұтынуға мәжбүр", - деді Ерлан Алпысов.

Өз кезегінде Экология министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаров бүгінде ведомство сумен жабдықтау желілерін жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты. Жыл соңына қарай Преснов топтық су құбырын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл тұрғындар саны 23 мыңнан асатын 12 ауылды сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Ал Есіл топтық су құбыры 2023 жылы пайдалануға берілуі тиіс.

"Преснов және Есіл топтық су құбырларының межеленген мерзімде іске қосылмауы Қаржы министрлігі тарапынан қаражаттың уақтылы бөлінбеуінен болды. Бұл жобалардың іске асырылу, жобалау-сметалық құжаттамасының сараптамасын жасау мерзімдерінің созбалаңға салынуына әкеп соқтырды. Соның салдарынан жобалардың құны қымбаттап, құрылыс дер кезінде аяқталмай отыр. Сондықтан Қаржы министрлігі тарапынан қаржы уақытылы бөлінуі тиіс. Ал Су ресурстары комитеті мен мердігерлер сумен қамтамасыз ету нысандарын белгіленген мерзімде пайдалануға беруі тиіс", - деп түйіндеді Артур Платонов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр